Петропавлдағы Абай атындағы мектеп-гимназияда «Әнім, жырым саған – туған ел» атты патриоттық әндер байқауының финалы өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға мектептің 41 сыныбы қатысқан еді. Екінші кезеңге өткен 15 сынып қазылар алқасын өнерлеріне тәнті етті. Бейнематериалға назар аударыңыздар.
«Әнім, жырым саған – туған ел». Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясында алғаш рет патриоттық әндер фестивалі өтті. Іс шараға білім ордасының 11-сынып оқушыларынан басқасының бәрі қатысты. Байқаудың алғашқы кезеңі 14 қазанда 41 сынып арасында өткен. Өнер орталығының меңгерушісі, жоба авторы – Дәмеш Құрманкинаның айтуынша, фестивальде айтылатын әндерді ұстаздар таңдап, оқушыларға ұсынған.
ДӘМЕШ ҚҰРМАНКИНА, ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ:
-Әрине мұндай әндер оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейді. Елді жерді сүюге тәрбиелейді. Менің ойымша бұндай байқаулар басқа мектептерде де өтсе жақсы болар еді. Себебі дәл патриоттық ән, балалрға үлкен тәрбие береді, балалрды отанды елді сүюге, өз-өзімен жұмыс жасауға, ұжыммен жұмыста, сыныпта үлкен өз әсерін береді.

Мектеп сахнасынан «Туған ел», «Жаса, Қазақстан», «Көк тудың желбірегені» секілді халық аузында жүрген танымал әндер шырқалды. Аружан Қайрат Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының 7 сыныбында оқиды. Бүгін ол сыныптастарымен бірге сахнадан «Айналдым, елім» әнін орындамақ.
АРУЖАН ҚАЙРАТ, 7-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:
Балалар алғаш рет ұйымдастырылған байқауға бір ай бойы асқан жауапкершілікпен дайындалған. Оны оқушылардың сахнада өзін ұстауынан, киімінен аңғаруға болады.
Балалар алғаш рет ұйымдастырылған байқауға бір ай бойы асқан жауапкершілікпен дайындалған. Оны оқушылардың сахнада өзін ұстауынан, киімінен аңғаруға болады.
Байқау болғандықтан балалардың әнді орындау сапасы, шеберлігі, сахналық мәдениеті және әнді көрерменге жеткізе білуі бағаланды. Сахнаға «Отан – ана» әнімен шыққан 9 ә сынып оқушылары ән біткенше дейін қазақ тарихынан сыр шертті. Бас жүлде гран-приді де солар жеңіп алды. Ал фестиваль барлық қатысушылардың «Атамекен» әнін қосыла шырқауымен аяқталды.
АЙНҰР ДОСАН