Адамның жасы спортпен шұғылдануға кедергі емес.Ардагерлер арасындағы республикалық спартакиада Орал қаласында 16-18 қыркүйек аралығында өтті.Жарыстың мақсаты – салаМатты өмір салтын насихаттау және бұқаларлық спортты дамыту.

Спартакиадаға еліміздің сегіз облысынан спортшылар қатысты.Өңір  намысын қорғауға 30 ардагер спортшы аттанды. Жарыста әйелдер де өнер көрсетті. Қатысушылардың айтуынша, ойындар оңай болған жоқ. Бәсекелстіктің жоғары болуына қарамастан,жерлестеріміз волейбол спортынан бірінші орынды еншіледі. Нәтижесінде өңірімізге кубок, медальдармен және дипломдармен оралды. Ардагерлер арасындағы спартакиада төрт жылда бір рет өткізіліп келеді. Бұған дейін жарыстарға 40 жастан асқан ардагер спортшылар қатыстқан. 

АЛЕКСАНДР КУВШИНОВ, "ЕСІЛ-СК" ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ СПОРТ ДИРЕКТОРЫ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:
 - Біздің команда атынан облыс ардагерлері қатысты. Құрамада жеті қалалық спортшы, екі спортшы Тайынша ауданынан және бір волейболшы Жамбыл ауданынанболды.Спартакиада барысында бес матч өткізіп, бәрінде жеңіске жеттік. Шымкенттік командамен финалдық ойын өте қиын болды. Дегенмен,біз бар күш жігерімізді салып  2:1 есебімен жеңіске жеттік.

 НАТАЛЬЯ РУЧИНСКЕНЕ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, "БАРЫС" ЖМСМ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ-ОҚЫТУШЫСЫ:
 – Жеңіске жеткен кезде қуаныштан көзімнен жас шықты. Командадағы барлық ойыншылардың қуанышында шек болмады.Жарыс тамаша деңгейде өтті. Жалпы барлығы өзіміз жоспарлағанда болды,осының арқасында жеңіске жетіп отырмыз.