"Арқалық" ШҚ өнімдері солтүстікқазақстандықтардың сүйіспеншілігіне бөленген "Халал" сертификатына ие бірден-бір кәсіпорын. Сонымен қатар, қожалық елімізде жиі ұйымдастырылатын  республикалық және халықаралық көрмелердің жеңімпазы. Кәсіпорында өндірілетін дәмді және емдік қасиеті мол қымыз көрші аймақтар тұрғындары арасында да сұранысқа ие. 2004 жылдан бастап кәсіпорында қазақи жылқыларды өсіру қолға алынған.  Өнім көлемі де жылдан-жылға артып келеді. Әріптесім тарқатсын.  
 
-Жылқы өте сезімтал жануар. Олар иесінің еркелетіп қамқорлыық танытқанына дейін түсінеді. 
 
Мөлдір Айтпаева – Петропавл қаласының тумасы. Андреевкаға бірнеше жыл бұрын көшіп келген. Әйелдің ауылға тұрақтап қалуының бір себебі осы жануарларға деген сүйіспеншіліктің арқасы.
 
 МӨЛДІР АЙТПАЕВА, "АРҚАЛЫҚ" ШҚ САУЫНШЫСЫ :
- Мен жылқыларды бала кезімнен жақсы көремін. Әрине қалада өстім,бірақ жылқы менің ауылға көшіп келуіме  түрткі болды. Ауылдың жері шұрайлы, ауасы таза. Кешкісін атпен серуендегенде жаның рахат алады.

Қожалықта жұмыс бастан асады. Күнделікті сауыны тағы бар. Фермада барлығы 6 адам жұмыс істеп,  180 мың теңге мөлшерінде жалақы алады. 

ЗӘУРЕШ НҰРМҰҚАНОВА, "АРҚАЛЫҚ" ШҚ САУЫНШЫСЫ:
- Жаңа сауып болдық ал біз мында сауамыз

 Қазір "Арқалық" асыл тұқымды жылқы фермасында 64 бие, күніне 4 рет сауылады. Күнделікті 1000 литрге жуық сүт алынады. Бүгінде шаруа қожалығы қолмен сауудан толығымен бас тартып, автоматтандырылған сауу жүйесіне көшкен. Жалпы үйірде 640  жылқы бар. Жақсы төл алу үшін француз және ресейлік ауыр жүк тартқыш айғырлар арнайы сатып әкелінген.  
 
 ӘСЕТ АЯҒАНОВ, "АРҚАЛЫҚ" ШҚ БРИГАДИРІ: 

Саумал қайта өңдеуге дайын. Енді балғын бие сүтінен дәмді және емдік сусын жасалады. Әрбір сауудан кейін сүт тікелей қымыз өндіру цехына жіберіледі.

Айнұр Досан