Ақжар ауданындағы Ақжарқын ауылында құрылыс қызған. Жергілікті шаруашылықтың көмегімен елді мекенде биыл мешіт және дүкен пайдалануға берілсе, асхана құрылысы жүріп жатыр.  150-ге жуық түтін түтетіп отырған ауылда тіпті қонақ үй де жұмыс істейді екен. Әріптесім Майгүл Сейілбектің бейнематериалында. 

Ақжарқын ауылындағы «Керейіт» фермерлік қожалығы егін және мал шаруашылығымен айналысады. 2019-шы жылы шаруашылық 1700 гектар жерге дән сіңірсе бүгінгі күні егіс алқабы 8 мың 500 га жеткен. Ісі өрге басқан кәсіпкер өзі тұрып жатқан ауылын да ұмытпайды.  Мәселен, қыс мезгілінде көшелерді қардан тазартса, күзде ауылдастарын шөп-сабанмен қамтамасыз етеді, көмірді жеткізуге көмектеседі. Былтыр тұрғындардың сұрауы бойынша ауылда мешіт, асхана және дүкеннің құрылысын қолға алды.
 
САҒЫНДЫҚ ЖҰМАТАЕВ, «КЕРЕЙІТ» ФЕРМЕРЛІК ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ: 
-    Столовый ауылға тағы бір көмек. Ертең дұға жасағнда той жасағанда керек. Магазинімізде арақ жоқ. Тек халал продукты.  Сатып алғанда бұл сноста болды ғимарат.Соны полный евроремонт жасадық. Сосын қостық.  2021-ші жылы бастадық.22-де жұмысқа кірістік. Мешітті және магазинді қосқанымызға 3-4 ай болды.
 
 Асхананың құрылысына  шаруашылық 25 млн теңге бөлген. Бұдан бөлек өткен жылы Ақжарқын ауылында жаңа қонақүй ашылды. Оған 20 млн теңге жұмсады. Жалпы, «Керейіт» қожалығы ауылдың 25 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Мұнымен қоса ауылдағы құрылысқа да жергілікті азаматтар тартылған. 
 
ӘБУЖАР ТОҚЫШЕВ, АҚЖАРҚЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
-   Бүгінгі таңда шөппен, жем деген жағдайлар шешіліп жатыр. Жер пайлары берілді халыққа.3 субьект бар осы ауылда, «Керейіт» кх бар, ТОО «Жақсы нур», кх «Данил» бар. Сол кісілер көмек көрсетіп, ат салысып жатыр ауылға.  Жол мәселесі мына Ащыкөлден жол салынады де жоспар болған. Кішкене тоқтап қалды.Бірақ план бойынша бастаймыз. Документация дайындалып жатыр.

 Ақжарқын ауылдық округіне Ақжарқын және Ащыкөл ауылдары кіреді. Мұнда 266 жанұя түтін түтетіп отыр. Соның 146-ы Ақжарқын ауылда. Елді мекенде бүгінгі күні 4 дүкен бар. Сауда орнын шаруашылық 16 млн теңгеге салды. . 
 
БОТАГӨЗ САБЫРОВА, АҚЖАРҚЫН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
-   Жаңа дүкен ашылды. Қуаныштымыз. Бұл ауыл орталығы. Мен өзім де осы «Керейіт» фермерлік қожалығында жұмыс істеймін. Бұл кісілер ауылымызға келгелі бері тек оң өзгерістерді байқап жатырмыз.
 
 Жергілікті кәсіпкердің Ақжарқын ауылын дамыту бойынша алға қойған жоспары ауқымды. Болашақта басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын қолға алмақ.
 
Майгүл Сейілбек