Бұл – Мамлют ауданының алқаптары. Майлы дақылдар  - рапс пен зығыр көктеп шығып қалыпты. Мамандар қазір күнделікті егістік басына келіп арнайы тормен зиянкестердің бар-жоғын тексереді. Әзірше, келер қауіп жоқ.

Мамандардың айтуынша, дәнді дақылдарға қауіпті зиянкестердің түрі 150-ден асады. Егер дер кезінде шара қолданылмаса, келер шығын шаш етек. Өнімнің ең кемінде 20 пайызын жоғалтуға болады.

Ал, шегіртке облыс бойынша Уәлиханов ауданында кездеседі. Далалы аймақ болғандықтан зиянкестерге қолайлы.

Жалпы, мамандардың айтуынша, облыста жағдай қалыпты. Алайда, сақтансаң сақтармын деген. Шаруалар өз алқаптарын үнемі қадағалап, қарап отырғаны жөн. Зиянкестердің алдын алу үшін егістіктерді дәрілеуге кеңес береді.