ҚР ұлттық статистика бюросының сқо бойынша департамент ақпаратына сәйкес соңғы 5 жылда компьютер пайдаланатын кәсіпорындардың үлесі 75,5 %-ды құраған. Орташа алғанда 1 мекемеге немесе ұйымға 9 компьютер келеді, оның 7-і интернетке қосылған. Сондай-ақ 2021-ші жылдың қорытындысына сәйкес бұлтты IT қызметтерін өңірдің 496 кәсіпорны, өндіріс кезінде сандық технологияларды 54 ұйым, робототехниканы 5 мекеме пайдаланады. Мұнымен қоса жерлестеріміздің 90 пайызы белсенді интернет пайдаланушы.
Жүргізілген сауалнамаға сәйкес 2021-ші жылы 141 ұйым тауарлар мен қызметтерге Интернет арқылы тапсырыс берген. 5 жыл ішінде ғаламтордың көмегімен тауарлар мен қызметтерді өткізудің жалпы көлемі 2,8 есе өсіп, 2021 жылы 6,9 млрд теңгеге жетті. Бұдан бөлек пандемияға байланысты соңғы 2 жылда үйден шықпай компьютердің немесе ұялы телефонның көмегімен мемлекеттік қызмет түрлерін алатындардың да саны артты.
ДАНИЯР ИМАНБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Мемлекеттік органдармен байланысу үшін Интернет қолданатын мемлекеттік басқару кәсіпорындары мен ұйымдардың үлес салмағы 97,3 % -дықұрады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға жұмсалған жалпы шығын бес жыл ішінде 43,3 пайызға артып, 2021 жылы 3,5 млрд теңгені құрады. Соңғы 5 жылда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторы ұйымдарының негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 24,1 млрд теңгені құрады.
Интернет пайдалунышлардың саны жылдан жылға артып келе жатыр. Мәселен, бүгінгі күні солтүстікқазақстандқтардың 90 %-і ғаламтордың көмегімен хат-хабар алмасып қана қоймай сауда жасап, өзіне қажет ақпарат алады. Тұрғындардың басым бөлігі яғни 89 пайызы ұялы телефонмен интернет желісіне кіреді екен.
ДАНИЯР ИМАНБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Ғаламторды пайдаланудың негізгі мақсаты ақпарат орналастыру немесе хабрлармен шапшаң алмасу- 88,7%, әлеуметтік желілерге қатысу 81,3 пайызы, фильмдерді,музыканы жүктеу, бейне көру,музыка тыңдау,ойындар 76,1, тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат алу-38,5, жаңалықтарға қолжетімділік 22,9 пайыз болып табылады.
Мамандардың сөзінше жерлестеріміздің ақпараттық сауаттылығы да жылдан жылға артып келеді.
Майгүл Сейілбек