23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні. Осы мереке қарсаңында Әділет департаменті облыстық әмбебап ғылыми кітапханамен бірлесіп "оқырмандар үшін авторлар мен жазушылар" атты іс-шара ұйымдастырды. Әріптесімнің бейнематериалына назар аударайық.
Кітап күнін мерекелеу дәстүрі Каталонияда пайда болған. Бұл күні, яғни 23 сәуірде әр сатып алынған кітап үшін раушан гүлі беріледі.Ал, 1995 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның Бас Конференциясы осы күні кітаптар мен авторларға құрмет көрсетуді ұйғарды. Әсіресе жастарды оқуға ыңталандыруға және адамзаттың әлеуметтік-мәдени прогресіне ықпал еткендердің ажырамас үлесін құрметтеуге шақырды.
САМАТ ТАСҚОЖИН, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- Бүгін кітап және авторлық құқық күнін мерекелеу қарсаңында,. облыстық Әділет департаменті С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп іс-шараны өткізді. Оған жазушылар мен жас оқырмандар қатысып отыр.
ЕЛЕНА СКАКУНОВА, СӘБИТ МҰҚАНОВ ОӘҒК ІС-ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
– Бүгінгі іс-шара Солтүстік Кавказ авторларын танымал етуге, олардың көтерген тақырыптары мен мәселелерін айтуға, кітаптарымен жақынырақ танысуға бағытталған.
Авторлар, кітапханашылар, мұғалімдер кітап күнін өз мерекелері деп есептейді. Солардың бірі - Жазушылар одағының мүшесі Кирилл Филонов. Оның шығармалары туған жерге, патриотизмге, өскелең ұрпақ проблемалары мен адамгершілікті насихаттауға арналған.
КИРИЛЛ ФИЛОНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:
- Бүгін мен жақында жарыққа шығатын соңғы кітабымнан бірнеше үзінді оқитын боламын . Бұл очерктер қазақстандық "Простор" журналында және біздің газеттерде кеңінен жарияланды. Кітаптарымның басым бөлігі сүйікті отаныма, туған өлкеме арналған.
Жыл сайын осы күнге орайластырылып ұйымдастырылған түрлі бастамалар мен іс-шаралардың саны артып келеді. Әлемнің көптеген елдерінде дәстүрлі түрде ең танымал кітап жәрмеңкелері мен көрмелер, әлемдік әдебиет классиктерінің шығармалары мәдени-ойын-сауық шаралары өткізіледі.