Облыстық ардагерлер кеңесі соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылаған   VIII-ші есеп беру-сайлау конференциясын өткізді.  Жиынға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. 

Бүгінгі еңбек ардагерлері 30 жылдық тәуелсіздікке қол жеткізген мемлекетіміздің қуатын арттырып, іргесін нығайтуға үлес қосқан азаматтар. Олар бүгін де қоғам өміріне белсенді араласып, өңір үшін маңызды шешімдерді қабылдауда ат салысады.  

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Өткен есептік кезеңде облыстық және аудандық ардагерлер кеңесінің назарында болған, ең маңызды да көкейкесті мәселе-қат адамдардың ең алдымен ҰОС майдангерлері мен мүгедектерінің, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің жағдайы болды. Сонымен қатар, басқа зейнеткерлердің құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік қорғауға, оларға жалпы мемлекеттік әрі аймақтық деңгейде материалдық және моральдық қолдаукөрсетуге, баса көңіл бөлінеді.

Бүгін облыстық ардагерлер ұйымына 563 бастауыш ұйым кіреді.  Әр ауданда ардагерлер кеңесі жұмыс істейді. Облыстық кеңестің құрамына 72 адам мүшелік етеді. Соңғы бес жылда зейнеткерлер бос уақыттарын пайдалы өткізе алатын ардагерлер клубының саны 250-ден 400-ге дейін артты.  Ақсақалдар жастармен жұмысқа да көп көңіл бөледі.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Айталық Ұлы жеңістің 70 жылдығында облыста зейнеткерлерге барып көмек көрсететін жастар жасақтарының саны 397 болатын. Оларға 4815 ардагер тіркелген еді.  5 жыл өткен соң осындай жасақтардың 467, ал олардың қамқорлығына алынған зейнеткерлердің саны 6691 болғанын көріп отырмыз. Алайда  біздің басты мақсатымыз, статистикалық мәліметтерді көрсету емес, егде жастағы адамдарға көңіл бөліп,  қолымыздан келгенше қолдау көрсету. 

Аудандық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері конференция жұмысына  онлайн режимінде қатысты. 

ТӨЛЕГЕН ОМАРОВ, МАМЛЮТ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ :

- Аудандық ардагерлер кеңесі соңғы 5 жылда нығайып, құрамы 16 процентке дейін артты.  Ауылдық округтарда 36 бастауыш ұйым құрылды.  Аудан активі  127 адамнан тұрады.  Біздің ардагерлер қызығушылығына қарай түрлі клубтарға қатысады. Олардың қатысуымен кездесудер, дөңгелек үстелдер мен спорт шаралары өткізіледі. 

Облыста 104 мың зейнет жастағы азамат тұрады. Араларында  құрмет демалысқа шыққан мекеме басшылары, өнеркәсіп саласының мамандары,  мемлекеттік қызметкерлер, өмірін ұстаздыққа немесе  адам өмірін арашалауға арнағандар баршылық.  Олардың тәжірибесі қазіргі мамандарға үлгі болып келеді. 

ЕРІК НҰРАҚАЕВ, СҚО КӘСІПОДАҚ  ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінгі күні осындай абыздық, ақсақалдық дәстүрді жалғастыратын қажеттілік туып-ақ тұр. Ұрпақтар арасындағы сабақтастық, жалғастық аға, орта, жас буын арасындағы өзара тығыз қарым-қатынастан тұратынын ескерсе, бұл-үлкен рухани байлық. 

Облыс әкімі ардагерлер кеңесін өңірдің дамуына маңызды рөл атқарып жүрген ұйым екендігін атап өтті. Құмар Ақсақалов жиналғандарды облыстың 7 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен таныстырды. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Екі бройлер құс фабрикасының құрылысын бастадық. Бұл кәсіпорындар жергілікті тұрғындарды толығымен құс етімен қамтымақ.  Тайынша ауданындағы шошқа кешенін 100 мың басқа дейін ұлғайтудың бірінші кезеңін аяқтадық.  Маслодел мен еуразиян милк зауыттарын қайта жаңғырту арқасында  сүт өнімдерін қайта өңдеудің үлесін 57 процентке көбейтеміз. 

Конференция делегаттары облыстық ардагерлер кеңесі атқарып отырған жұмысты мақұлдап, кеңестің жаңа құрамын және республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің 8-ші съезіне делегаттарды сайлады.  Жиын барысында  облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы  қайта сайланды.  Облыс әкімі ұсынып, кеңес мүшелері бұл қызметті Ескендір Елеусізовке тапсырды.