2020 жылдың қорытындысы бойынша Ақжар ауданының диқандары 185 мың гектардан 261 мың тоннадан астам астық жинады. Сонымен қатар, 37 шақырым жол, 10 ауылда су таратушы желілер жөнделді. Биыл ауданда 2 сүт ферманың құрылысы басталмақ. Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов аудан әкімі Қанат Қалиевтың есептік кездесуіне онлайн қатысып, басшыға ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және инвестиция тарту бағытында бірқатар жұмыс атқару қажеттігін тапсырды.
2020-шы жылдың қорытындысы бойынша Ақжар ауданы бірнеше салада өзге аудандарға қарағанда артта қалған. Сол себепті, облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Қанат Қалиевқа алдағы 5 жылға жақсы жоба құру қажет екенін айтты. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларын дамытып инвестиция тарту үшін бірнеше ірі жобаны іске асыру керек.Мәселен, мал шаурашылығымен мұнда 260 шаруашылықтың 148 –і айналысуда. Жалпы, осы жылы ауданда 2 сүт-тауарлы ферманың құрылысы басталмақ.
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Сүтті мал шаруашылығы нашар дамыған. Ауданда бір ғана сүт кешені бар, ол «Бекет» фермерлік шаруашылығы. Бүгін біз осы бағытта белсенді түрде жұмыс істеп жатырмыз. Қолдау көрсетіп жатырмыз. Нәтижесі айқын.Осы жобаларды жүзеге асырған аудандар өңірдегі сүт өндірісін ұлғайту бойынша көшбасшы болып отыр. Биыл ауданда 2 сүт-тауар фермасының - «Ерсалды» фермерлік шаруашылығы мен «Ержан» шаруа қожалығы құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Сондықтан, Қанат Қайыржанұлы, осы жобаларды тез арада іске асыруға кірісу қажет.
Жалпы 2020 жылы Ақжар ауданы халқының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға облыстық бюджеттен 6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Аудан диқандары 185 мың гектардан 261 мың тоннаға жуық астық жинаған. 130-дан астам су жаңа техника сатып алынды. Сонымен қатар, Ирландиядан 264 млн теңгеге 300 ірі қара мен отандық тауарөндірушілерден 52 млн теңгеге 100 бас сатып алынды. Әкімнің айтуынша, ауданда жұмысына немқұрайлы қарайтын шаруалар да баршылық.
ҚАНАТ ҚАЛИЕВ, АҚЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Аудан бойынша 28 шаруашылықта 104 771 гектар пайдаланылмаған жер анықталды. Мысалы, «Алқатерек Агро» серіктестігінің өнімділігі 5-ақ центнер болса, «Ұялы Астық» серіктестігінің өнімділігі сәйкес алаңнан 32 центнер. Сондай-ақ, «Данил» фермерлік шаруашылығында өнімділік 1 гектарынан 5 центнер болғанда, «Жарқын ЛТД» серіктестігінде 1 гектарынан 27 центнер құрады. Барлық фермерлік қожалықтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Жерді ұтымсыз пайдаланатын диқаншыларға заң жүзінде жерлерін қайтарып алу шаралары қолданылып арнайы талаптар күшейтілетін болады. Бұл бағытта уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдауы қажет.Сонымен бірге, жерді алып, бірақ оны қараусыз қалдырып және мүлдем жұмыс істемеген азаматтарға қатысты заң талаптары өзгереді және жерді қайта қайтарып алу мерзімі 1 жылға дейін қысқарады. Сондықтан, Қанат Қайыржанұлы, ауыл шаруашылығында немқұрайлы шаруалар болмауы үшін бар күш-жігерді жұмсау қажет.
Аудан кәсіпорындары өндіріс көлемін 200 млн теңгеге төмендеткен.Облыстың өңдеу өнеркәсібінің құрылымында
тамақ өнімдерін шығару 65 процентті құрайды, олардың өндірісі жыл қорытындысы бойынша 29 млн теңгеге төмендеді. Ақжар ауданы жыл қорытындысы бойынша 11-ші орында.
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Өнеркәсіпті және орта бизнесті дамсыту үшін мемлкет тарапынан біраз бағдарламалар бар. Оынң бірі «Қарапайым заттар» экономикасы. Жұмыс істеймін деген азаматтар төмен процентпен несие ала алады. 10 жобаға ғана қаржы берілген екен. Соның бірде бірі іске асырылған жоқ.Бірде бір жаңа өндіріс жоқ. Осыны дұрыстау керек.
Аудандағы автожолдардың жалпы ұзындығы 815 шақырымды құрайды. 2020 жылы 61 шақырымы ғана жөнделіп, оған 800 миллиард теңге жұмсалды. Сонымен қатар, өткен жылы жергілікті билік 10 елді мекенде сумен жабдықтау желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізді, 200 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсады. есеп беру барысында аудан әкіміне Ақжарлықтар өз сауалдарын да жолдады. Басым көпшілігі ауыл және аудан ішілік жолдардың сапасына байланысты.
АСҚАР ҚЫЛЫШБЕКОВ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Биыл Ленинградское ауылына .... көлемінде қаржы бөлінді. Өтінімдер қарастырылды. Ол «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының асяныда іске асырылмақ.
Өткен жылы білім беру саласына 3 млрд астам теңге бөлінді. Бұл ауданның 4 мектебін күрделі жөндеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ оқушыларды мектепке жеткізу үшін жаңа көлік сатып алынды. Аудандық орталық аурухананың да материалдық базасы жаңарды. Бүгінгі күні ауданда 26 дәрігер жұмыс істейді, медициналық маман тапшылығы бар. Әсіресе жергілікті тұрғындарға балалар стоматологы жетіспейді.
ҚАБДРАХМАН САҚТАҒАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі таңда Ақжар аудандық ауруханасына ауданаралық мәртебе беру туралы мәселе көтерілуде.Осылайша емдеу мекемесі Уәлиханов және Ақжар ауданының тұрғындарына қызмет көрсетпек. Бұл мақсатқа қосымша қаржы бөлінетін болады.
Майгүл СЕЙІЛБЕК