Әсем жәндік - көбелектің шыққан жері Филиппин мен Коста-Рика елдері. Қаламызға тропикалық көбелектер көрмесімен келген павлодарлық мамандардың айтуынша, бунақденелілер тұқымына жататын жәндіктердің 157 мыңнан астам түрі бар. Бірақ олар да өз ішінде улы әрі зиянды болып бөлінеді екен. Көбелектер немен қоректенеді? Және оларды үй жағдайында өсіруге бола ма? Арна тілшілері анықтады.
ЖАНСАЯ ҚАЙЫПОВА, ТІЛШІ:
- Түрлі мифтер мен аңыздарға арқау болған осынау құпия көбелектер махаббат, адалдық пен бақыттың символы болып саналады. Мамандардың айтуынша, Қазақстанның көптеген аймақтарында жас-жұбайлар көгершін орнына дәл осы көбелектерді ұшыратын болыпты. Бунақденелі жәндіктердің 157мыңнан астам түрі бар. Және олар басқа жәндіктер сияқты көктемде өз тұқымдарын көбейтеді.
Бунақденелі жәндіктер тұқымдасына жататын көбелектер өліп қалмауы үшін барынша тропикалық жағдай жасалуы керек. Ауа температурасы Цельсий бойынша 26 градустан асып, ал ылғалдылығы – 70 пайыздан кем болмауы шарт. Соның өзінде әсем көбелектер небәрі 5-7 күн ғана өмір сүреді.
КРИСТИНА ПАРТЕНАДЗЕ,ӘКІМГЕР:
- Көбелектердің ешкімге зияны жоқ, бунақденелі жәндіктер. Оларды біз Филиппин мен Коста-Рикадан ұшақпен жеткіземіз. Ыстық жақтан алып келінген соң, жоғары температураға үйренген. Апельсин, нектармен коректенеді. Тек олар тамақ ішетін кезде, жарық түсіп тұрса болғаны. Адамдардың қолына да қона береді. Бірақ көбелектердің барлығы бірдей емес. Орманда мекендейтіндерінің кейбірі тіпті улы да болуы мүмкін.
Мына көбелек - павлиноглазка деп аталады. Оның қанаты жайылғанда 30-см дейін жетеді.Және бір ерекшелігі ол туғаннан коректенбейді. Ал көгілдір Морфо деп аталатын көбелекті үндістер қасиетті деп санайды. Көгілдір Морфо қанатының түрлі-түсті таңғажайып бояуымен баурап алады. Ол жоғары биіктікте ұшады, оның 6 метрден төмен ұшуы сирек. Үнді тілінен аударғанда «жерге түскен аспанның бір ұшқыны» деген мағынаны білдіреді екен.
Жансая ҚАЙЫПОВА