Петропавлдағы облыстық тарихи өлкетану музейінде Қазақстанның халық жазушысы , Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Көркем сөздің шебері» атты еске алу кеші өтті. Шараға қаламгердің көзін көргендер, туыстары мен Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп гимназиясының оқушылары және студенттер қатысты.
Сафуан Шаймерденов 1922 жылы 15 сәуірде Жамбыл ауданы Амангелді ауылында дүниеге келді. Жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Рабиндранат Тагор кітаптарын аударғаны үшін Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Жиырмаға жуық кітаптың авторы. Бүгін облыстық тарихи өлкетану музейінде жерлес ақынның ғасырлық мерейтойына орай еске алу кеші өтті.
САМРАТ ҚҰСКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Жазушының әдебиеттен бөлек, қоғам игілігі үшін жасаған еңбектері өз алдына бір төбе. Арыстан Әкімжанов жазушының ауылдасы әрі немере інісі болып келеді. Қаламгердің көзін көрген, оны бір кісідей ақ білетін адам. Немере інісінің айтуынша 1986 жылы жазушылар одағының пленумында Қазақ ССР компартиясының 1 хатшысы болған Геннадий Колбинға желтоқсан оқиғасындағы ұлтшыл жастардың мүддесін қорғап алғаш сөз сөйлеген Сафуан атамыз екенін біреу білсе, біреу білмейді.
АРЫСТАН ӘКІМЖАНОВ, САФУАН ШАЙМЕРДЕНОВТІҢ АУЫЛДАСЫ:
Сондай ақ кеш барысында Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп гимназиясының оқушылары жазушының құрметіне жазылған өлең шумақтарын оқыды. Ал Мағжан Жұмабаев атындағы педагогикалық колледждің 2 курс студенті Ақтілек Қайымхан іс-шараға орай қаламгерге арнау жазып әкеліпті.
АҚТІЛЕК ҚАЙЫМХАН , СТУДЕНТ:
Көркем сөздің шебері болған Сафуан Шаймерденовтің қазақ әдебиетіне сіңірген ерен еңбегі мен қоғам игілігі үшін жасаған істері халық жадынан ұмытылмақ емес.
Әміре Ақбатай