Александр Трегубенко бұл салада 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда ол Европа, Сауд Аравиясы мен Француз академиясы  аспаздар қоғамдастығының мүшесі, түрлі халықаралық аспаздар конкурстарының жеңімпазы.  Бас-аспаздар қауымдастығының  басты мақсаты, кәсіпті одан әрі дамыту. Өңір аспаздары тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіруге дайын дейді мейман.

Әр саланы алсақ та бір орында тұрмай дамып келеді. Аспаздық мамандық та , дамуды   талап етеді. Валентина Дзубан 43 жылын осы кәсіпке  арнаған. Алайда керекті білім мен тәжірибе алмасудан ешқашан қашпаймын дейді.

Түрлі десерт, ерекше үлгіде дайындалған тағамдар енді Эмират мейрмаханасының келушілеріне жол тартады. Алдағы уақытта мейрамхана аспаздары, алған білімдерін ұтымды іске асырып, келген қонақты таң қалдыруға әзір.

 

Тоқтар ҒАЛЫМ