Жыл басынан облыс аумағында 250 өрт тіркелді., соның 19-ы – орман өрті. 24 адам мерт болды, 5 адам күйік алды. 13 адамға, соның ішінде 4 балаға иіс тиіп, уланды. Мамырдың 7-нен 10нына дейінгі демалыс күндері де өрт сөндірушілер үшін тыныш өтпей, 21 өрт тіркелді.   

Мамандардың сөзінше өткен 4 демалыс күнінде облыс аумағында  21 өрт тіркелді. Басым бөлігінде құрғақ шөп күйген. Сондай-ақ өрт сөндірушілер мамырдың 8-і мен 9-ы Қапай шағын ауданына бірнеше рет шақыртуға барған. Бұл жақта жеке аула аумағындағы қора-қопсыда өрт шыққан. Салдарынан қызыл жалын жақын маңдағы жер үйлерге тарап 3 тұрғын үй күйіп кетті.

ӘЗІМХАН МЕРҒАСИМОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТЖ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- Мамырдың 9-ы кешкі 6-лар шамасында Қапай шағын ауданында қамыс жанды. Қатты жел болғандықтан от жақын маңдағы тұрғын үйлерді де шарпыды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Жеңіс күнінде өрт сөндірушілер Назарбаев көшесіндегі 5 қабатты үйге де шақыртуға барды. Бұл жерде тоңазытқыштың сымдарының тұйықталу салдарынан өрт шыққан. Құтқарушылар сол кезде үйде болған 1962-ші жылы туған әйел мен 2021-ші жылы туған баланы балкон арқылы сыртқа шығарып, алғашқы көмек көрсетті.

ОЛЖАС ЖҮНІСОВ, СҚО ТЖД «ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» ММ КҮШТЕР МЕН ҚҰРАЛДАРДЫ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- 101 желісіне бұл мекенжайда өрт шықты деген бірнеше хабар келіп түсті. Өкінішке орай пәтер иесі қызыл жалынның шыққанын кеш байқаған. Тоңазытқыш асүйде өтенген. Ал, 1962-ші жылы туған әйел баламен бірге көрші бөлмеде теледидар көріп жатқан. Әйелдің ағасы оларды сыртынан кілт салып жауып кеткендіктен өздері сыртқа шыға алмаған, балконға шығып айқайлап көмек сұрады. Біздің мамандарымыз оқиға орнына жетісімен аспалы сатының көмегімен оларды қауіпсіз жерге шығарды.

Бұдан бөлек демалыс күндері Мағжан Жұмабаев ауданы Золотая Нива ауылында сабан күйіп, өрт шықты.  

 

Майгүл Сейілбек