М.Жұмабевтың 125 жылдығы қарсаңында Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының ұжымы тұңғыш рет өз көрермендеріне ақиық ақынның «Шолпанның күнәсі» атты спектаклін ұсынды. Бұл премьерада басты кейіпкер Шолпанның рөлін Гүлдана Асқарова сомдады. Қойылым қалай өтті?  Оны келесі бейнематериалдан біле аласыздар.

Шығармада Шолпан есімді қыздың бастапқыдағы  ойы, қиналысы мен жан тебіренісі көрсетіледі.  Күйеуі Сәрсенбайды қанша жақсы көрсе де балалы болғысы келмей тәңірден бала бере көрме деп тілейді. Қайнысы Әзімбай мен  жолдасы Сәрсенбайдың арасында  таңдау жасай алмай  қиналған  келіншектің  жан дүниесі мен қайғы қасіретін   көрсету қиын болды дейді  актриса Гүлдана Асқарова.  

ГҮЛДАНА АСҚАРОВАС. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ - ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ:

- «Шолпанның күнәсі бұл спектаклге біз бір айдай дайындалдық.Қиын болды, оңай болды деп айта алмаймын. Өткені Шолпанның күнәсі аты айтып тұрғандай Шолпан туралы. Шолпанның ойы, Шолпанның жаны, қиналысы ішіндегі өзімен-өзі. Ең басты мақсаты дүниеге сәби әкелу ерін бақытты қылу дейді ғой. Ең басты қиындық сол Әзімбай мен \сәрсенбайдың арасында таңдау, Баланы ма махабатты ма екі оттың ортасында дейді ғой. Шүкір бүгін премьерасы өтті.Жақсы болды деп ойлаймыз.Әрине дайындық үстінде қиындықтар болды.  Ешқашан рөлді шығару оңай емес, ол өте қиын. Бірақ соның нәтижесі жақсы болды деген ойдамын.

«Шолпанның күнәсі»  спектаклі психологиялық драма.  Осы қойылымды сахналау үшін театр ұжымы екі айдай уақыт жұмсаған.  Премьераның режиссері Баатырбек Шамбетовтің сөзінше осы қойылымды қоюдағы басты мақсатымыз  әйел мен ерді бақытқа жетелейтін бала екенін көрсету.

БААТЫРБЕК ШАМБЕТОВ, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ - ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ:

- Біздің ойымыз Мағжан туралы шығарма  емес, Мағжан шығармасының өзі болса деген бір үмітте болдық. Себебі Мағжанды Мағжан ететін оның шығармалары деп ойлаймында. Шолпанның күнәсі психологиялық драма десек болады. Сондай бір психологизмге толы шығарма.Сондықтан мен осы шығарманы таңдап алдым да Сахналауға кірісіп кеттік. Енді бір өзгешелігі М.Жұмабаев қалай жазса солай сахнада суреттедік.

Екі сағатқа созылған спектакль көрермендердің  көңілінен шықты. Өнер сүйер қауым   әртістерге  зор ықыласын білдіріп,  қошемет  көрсетті. Айта кетсек, бұл осы маусымда    қара шаңырақта  сахналанған 5-ші  қойылым.

Ринат АЙТЖАНОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Шолпанның күнәсі, спектакль