Астана қаласының Қуыршақ театры - Петропавлда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Елордалық әртістер қызылжарлық кішкентай көрермендерге Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасын сахналады. Семей полигонының елге тигізген зардабын баяндайтын қойылым жайлы тілші тарқатады.
- «Жарық Ай, мүсіркеме сен мені. Мен күнәсіз қыз боламын. Сезімім бүтін, ақылым дұрыс...»
Қойылым меңіреу қалған мүгедек 16-17 жастағы Ләйлінің өміріндегі қиындықтары жайлы болып табылады. Семей полигонындағы сынақ үшін жарылған бомбаның салдарынан мүгедек болып туылған қазақ қызының өмірі суреттеледі.
ДОСЫМХАН БЕЙСЕНБАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ РЕЖИССЕРІНІҢ АССИСТЕНТІ:
- Бұл қойылымның қазіргі таңдағы жастарға не береді деген мақсаты. Енді өздеріңізге белгілі 1949 жылы Семей өңіріндегі Қарауылда Кеңес үкіметінің заңы шықты, атомдық бомба жарылсын, сынақтар, тәжірибе өткізуге деген. Сол 44 жылы басталған сынақ, 89 жылы бір-ақ тоқталды. Ойлай беріңіз 40 жыл бойы сол жерде қаншама адам зардап шекті. Сол кезде ғана емес, қазіргі таңда да зардабын шегіп жатыр халқымыз.
Қойылымның ерекшелігі адам мен қуыршақ қатар ойнайды. Жалпы 14 актер мен 2 қуыршақ сахнада тұрып, Семей полигонындағы қасіреттерді бейнелейді.
НҰРЖАН АХМЕТОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ:
- Семей полигоны туралы, сол жердегі бір ауылдағы бір кішкентай қыздың өмірі. Өзінің жасы 20-ларда бірақ, бойы, түрі бәрі бір 9-8 жастағы сияқты. Сол қыздың тағдыры туралы қоямыз. Соның бәрін балалар білсін, қалай жабылды, қандай қасіреттір болды. Соны көрсетейік деп балаларға, экспериментальный спектакль ретінде қойдық.
Театр өткен аптада Көкшетау қаласының көрерменіне өнерін ұсынса, алдағы уақытта оңтүстік өңір Қызылорда,Алматы қалаларын гастрольдік сапармен араламақ.
Самат САПАРАЛЫ
Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар