Негізгі Жаңалықтар СҚО-да агротехникаға қызмет көрсететін ірі орталық іске қосылды

СҚО-да агротехникаға қызмет көрсететін ірі орталық іске қосылды

Ауыл шаруашылығы техникаларының үздіксіз жұмысы мен сапалы сервистік қызмет - агроөнеркәсіп кешенін тиімді дамытудың басты кепілі. Осы бағытта Петропавл қаласында еліміздегі ең ірі «СТ AGRO» сервистік орталығы ашылды. Компания Қазақстанда агромашиналарды жеткізу және оларға қызмет көрсетумен 2000 жылдан бері айналысады. Орталықтың ашылу рәсіміне өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Іс- шараға қатысушыларға жаңа ғимаратқа арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Жалпы аумағы шамамен үш мың шаршы метрді құрайтын нысанның басым бөлігі жөндеу шеберханалары мен қоймаларға арналған. «Мұндай орталықтың ашылуы - өңірдің сервистік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам», - деп атап өтті облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов. 

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 

Салтанатты рәсімге өңірде агротехника сатумен айналысатын еуропалық брендтердің өкілдері де қатысты. Бүгінде неміс-қазақстандық бірлескен кәсіпорында «CLAAS» және «HORSCH» компанияларының 2500 дана техникасы құрастырылған. Бұл өз кезегінде облыстағы машина-трактор паркінің жыл сайын кеңейіп келе жатқанын айқын көрсетеді.

ЙОРГ ФОШЕПОТ – «CT AGRO» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

 Енді компания шаруалардың сұранысына әлдеқайда жылдам әрі тиімді жауап бере алады. Бұрын сатылған ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеп, сервистік қызмет көрсету немесе жаңа машиналарды жеткізу болсын, барлық жұмыс дер кезінде атқарылады.

ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ – «МӘМБЕТОВ және К» КС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ

Айта кетейік, бүгінде компанияның еліміз бойынша сатқан астық жинайтын комбайндарының шамамен 14 пайызы және тракторларының 10 пайызы Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Сондай-ақ өңір егістік бүріккіш техникалары бойынша да көш бастап тұр - егінді зиянкестерден қорғауға арналған бұл машиналардың 37 пайыздан астамы осы облысқа жеткізілген. Жаңа орталықтың ашылуы аталған арнайы техникаларға көрсетілетін сервистік қолдауды айтарлықтай нығайта түспек.



Бөлісу