Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі
Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымы басталғалы 28 өрт тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе аз. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ, алайда бір адам жарақат алды. Осыған байланысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мамандар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Мамандар тұрғындармен кездесіп, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастырады. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстарына спортшылар, актерлер мен блогерлер секілді танымал тұлғалар да тартылған. Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне ерекше назар аударылып отыр. Өткен жылыту маусымында өрт хабарлағыштары екі рет іске қосылып, нәтижесінде 9 адамның, оның ішінде 5 баланың өмірі құтқарылған. Мамандар тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеді.
СНХР: АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ