Негізгі Жаңалықтар «Қуаныш» волейбол клубы жеңіске жетті

«Қуаныш» волейбол клубы жеңіске жетті

Петропавлда әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының 35-чемпионатының төртінші туры жалғасып жатыр. Ұлттық лига мен қосалқы құрам командалары бақ сынайтын жарыстың екінші ойын күнінде алаң иелері – «Қуаныш» волейбол клубы «Тұран» командасымен кездесті. Матч қорытындысы бойынша жерлестеріміз қарсыластарынан басым түсті.

Жарыс ұлттық чемпионаттың төртінші туры аясында өтіп жатыр. Биыл ұйымдастырушылар турнирдің жоғары деңгейде өтуіне ерекше мән берген. Спортшылар мен төрешілерге, сондай-ақ көрерменге барлық қажетті жағдай жасалған. Ойындар бірнеше қалада қатар өтуде. Атап айтқанда, Петропавлмен бірге Талдықорған қаласында да чемпионат кездесулері ұйымдастырылып жатыр.

СНХР: ЕРМЕК СЫРЛЫБАЕВ – БАС ТӨРЕШІ

Бұл екі команда үшін тур аясындағы екінші кездесу. Алдыңғы күні «Қуаныш» клубы «Тұранды» 3:1 есебімен жеңген болатын. Ал бұл жолы алаң иелері одан да сенімді ойын көрсетті. Волейболшылардың өзара үйлесімді әрекеті, бір-біріне қолдау көрсетуі мен дұрыс тактикасы кездесудің барысын бақылауда ұстауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде матч 3:0 есебімен «Қуаныш» командасының пайдасына аяқталды.

СНХР: САЙМ ПАККАН – «ҚУАНЫШ» ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ

 Чемпионаттың төрт турының қорытындысы бойынша «Қуаныш» клубы турнир кестесінде екінші орында тұр. Команда енді чемпионаттың қазіргі көшбасшысы – «Берел» клубымен кездеседі. Алдағы ойынға волейболшылар тыңғылықты дайындалып, осыған дейін қалыптасқан қарқынын сақтауға тырысады. Чемпионаттың шешуші кезеңінде спортшылардың шеберлігімен қатар, командалық ауызбіршілік те маңызды рөл атқарады.


Бөлісу