17 қараша -Халықаралық студенттер күні
17 қараша – Халықаралық студенттер күні. Бұл мереке – білім алып жүрген жастардың қоғамдағы рөлін, олардың бастамалары мен жетістіктерін дәріптейтін ерекше күн. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті. Онда Kozybayev University өкілдері студенттерді қолдау, олардың әлеуетін дамыту және өңірдің қоғамдық өміріне тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Бүгінде студенттер – тек елдің болашағы емес, қоғамдағы оң өзгерістердің белсенді қатысушылары. Олар ғылымда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық қызметте өздерін танытып келеді. Университеттің басты міндеті – сапалы білім берумен қатар, жастардың бастамаларын қолдау.
СНХР: ӘДІЛХАН ТӨЛЕПБЕРГЕН, KOZYBAEV UNIVERSITY БАСҚАРМА МҮШЕСІ, ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ
Университеттің өңірді дамытудағы рөлі де ерекше. Мұнда Қазақстанның түрлі облыстарынан келген жастар білім алып, халықаралық бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік алады. Аризона университетімен ынтымақтастықтың арқасында студенттер Петропавл қаласында халықаралық білім беру бағдарламаларын меңгеруде. Ал «Серпін» бағдарламасы мен SERPIN WAY жобасы өңірге талапкерлер тартуға бағытталған.
СНХР: ӘДІЛХАН ТӨЛЕПБЕРГЕН, KOZYBAEV UNIVERSITY БАСҚАРМА МҮШЕСІ, ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ
Бұдан бөлек, университетте студенттік өзін-өзі басқару жүйесіне де басымдық берілген. Студенттік үкіметтің сайлауы InCampus қосымшасы арқылы цифрлық форматта өтеді. Ал ұйым президенті еңбекақы алып, оқу барысында басқарушылық тәжірибе жинақтайды.