Тың идея мен техника: жас өнертапқыштар бәсекесі
Робот құрастыру, тың идея ойлап табу, күрделі тапсырмаларды техника көмегімен шешу. Қызылжарда жас өнертапқыштар бас қосты. Мұнда FIRST LEGO League халықаралық бағдарламасы аясында өңірлік робототехника жарысы өтіп жатыр. Оқушылар өз жобаларын таныстырып, инженерлік қабілеттерін сынауда.
Бүгінде робототехника – балалардың техникалық сауаттылығын арттырып қана қоймай, логикалық ойлауын, шығармашылығын және ізденімпаздығын дамытатын маңызды бағыт. Мұндай жарыстарда қатысушылар роботтарды құрастырып, бағдарламалауды үйренеді. Ең бастысы – өз идеясын нақты жобаға айналдырып, оны өзгелерге таныстыруға мүмкіндік алады.
СНХР: АЙГЕРІМ МАҒАУ, «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ әдіскері
Ал Білім-инновация лицейінің оқушылары биылғы байқауға ерекше жобамен келген. Олар орманды өрттен қорғау жүйесін LEGO бөлшектерінен құрастырған. Жобада өртті анықтап, аумақты бақылауға арналған дрон тікұшақ пен өрт сөндіру станциясы бар. Жас өнертапқыштар бұл идеяны жүзеге асыруға екі ай бойы дайындалған.
СНХР: АЙСАНА ЖОМАРТ, ХАНТӨРЕ ЖОМАРТ, ӘМІРӘЛІ ШЫҢҒЫС
Мұндай бастамалар жас буынның ғылымға қызығушылығын арттырып, болашақ инженерлер мен IT мамандарының қалыптасуына жол ашады.