Негізгі Жаңалықтар Педагогтерге интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді

Педагогтерге интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді

Интернет-алаяқтықтың айла-тәсілдері күн сайын жаңарып келеді. Қаскөйлер азаматтарды алдау үшін түрлі мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық қызметтердің атын жамылады. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында Петропавлда қала мектептерінің педагогтерімен кездесу өтті. Оған аудандық білім беру ұйымдарының өкілдері де онлайн форматта қосылды. Мамандар интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, алаяқтардың жиі қолданатын схемаларына тоқталды. 

Кездесу облыс әкімі бекіткен жоспар аясында ұйымдастырылды. 7 мектепте өткен іс-шараға полиция департаментінің қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Негізгі мақсат — ұстаздардың киберсауаттылығын арттырып, интернет-алаяқтықтың құрбаны болмаудың жолдарын түсіндіру. Әсіресе, алаяқтардың өзін коммуналдық қызмет, домофон компаниясы немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректер мен SMS-кодтарды сұрайтыны ескертілді.

СНХР: МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Мамандардың айтуынша, интернет-алаяқтықтан сақтану үшін белгісіз нөмірлерден келген қоңырауларға сақ болу керек. Ешкімге SMS арқылы келген кодты, банк картасының деректерін немесе жеке мәліметтерді беруге болмайды. Ал алаяқтардың арбауына түсіп, қаражатынан айырылған жағдайда полицияға дереу хабарласу қажет. Сонымен қатар төлем түбіртектері, банк көшірмелері мен хат алмасу скриншоттарын сақтап қойған жөн.

СНХР: ДАМИР ӘБДИН, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бүгінде профилактикалық жұмыстар тек мектептерде ғана емес, медициналық мекемелерде, кәсіпорындар мен зейнеткерлер арасында да жүргізіліп келеді. Кездесу барысында педагогтерге ақпараттық жадынамалар таратылып, интернеттегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. 


Бөлісу