Негізгі Жаңалықтар СҚО-да «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында отандық балалар басылымдары таныстырылды

СҚО-да «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында отандық балалар басылымдары таныстырылды

Елімізде халық арасында кітап оқу мәдениетін дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы орайда қолға алынған ауқымды бастамалардың бірі - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы. Бағдарлама аясында өскелең ұрпақтың кітапқа деген құштарлығын оятуға ерекше басымдық беріліп отыр. Бұл істе білім ордалары, кітапханалар мен балалар басылымдарының рөлі зор. Дәл осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында республикалық «Дружные ребята» балалар газетінің өкілдері Петропавл қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапардың басты мақсаты - өскелең ұрпақ арасында кітап оқуды насихаттау, оқушылардың отандық балалар басылымдарына деген қызығушылығын арттыру және оқырман қатарын көбейту. Іссапар барысында редакция қызметкерлері өңірдегі ұстаздармен, кітапханашылармен және білім беру саласының мамандарымен кездесулер өткізуде. Сонымен қатар 2027 жылға арналған мерзімді баспасөзге жазылу науқаны аясындағы әріптестік мәселелеріне де баса назар аударылып отыр.

ОЛЬГА РЫБКИНА «ДРУЖНЫЕ РЕБЯТА» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ

Бүгінде балалардың уақыты цифрлық кеңістікте көбірек өтетіні жасырын емес. Осындай заманда олардың баспа өнімдеріне деген қызығушылығын сақтап қалу және зияткерлік дамуына жағдай жасау -аса өзекті міндет. Балалар газет-журналдары оқу мәдениетін қалыптастырудың, жас өреннің дүниетанымын кеңейтудің және саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеудің тиімді құралы.

СНХР: ЖАСМИН БОҚАЕВА — «ДРУЖНЫЕ РЕБЯТА» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ

Кітап оқу мәдениетін насихаттау балалық шақтан басталады. Сондықтан оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, жаңа дүниені тануға және өз көзқарасын қалыптастыруға көмектесетін қызықты әрі танымдық әдебиеттерге қол жеткізе алуы аса маңызды.



Бөлісу