«Таза Қазақстан»: Петропавлда абаттандыру талабын бұзған кәсіпкер жауапқа тартылуы мүмкін
Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында тәртіп сақшылары мен қоғам белсендісі тозығы жеткен сауда ғимаратын тексерді. Учаскелік полиция инспекторлары Назарбаев көшесіндегі бұрынғы мәдениет үйінің артқы бөлігінде нысанның қасбеті, қаптамасы мен баспалдақтары бүлінгенін анықтады.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы рейд барысында Петропавл қалалық полиция басқармасы Бірінші полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары мен қоғам белсендісі Мәлік Шиғабутдинов Назарбаев көшесі, 252 мекенжайындағы ғимаратты тексеруде. Құқық қорғаушылар бұрынғы мәдениет үйі - қазіргі сауда орталығының артқы бөлігі тиісті деңгейде күтіп-бапталмай, тозығы жеткенін анықтады.
СНХР: Малик Шигабутдинов – қоғам белсендісі
Тексеру барысында ғимараттың артқы бөлігіндегі қаптама тақталары мен баспалдақтардың тозығы жетіп, қасбетінің бүлінгені анықталды. Қазір учаскелік инспекторлар осы дерекке құқықтық баға беру үшін тиісті материалдар жинап жатыр. Нәтижесінде абаттандыру қағидаларын бұзған жауапты тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
СНХР: Самат Үмүтбаев – Петропавл қаласы ПБ Бірінші полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 13 880 әкімшілік хаттама толтырды. Оның 5 231-і Петропавл қаласында тіркелген. Қала тазалығын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны тиісті деңгейде күтіп ұстау бағытындағы жұмыстар күн сайын жалғасуда.