16-20 қараша аралығындағы ауа райы болжамы
Жаңалықтарымыздың соңында осы аптадағы ауа райы болжамына тоқталсақ. Синоптиктердің болжамынша осы аптада Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы құбылмалы болады. Апта басында жауын-шашын түсіп, соңынан күн райы біршама тұрақталғанымен, демалыс күндеріне қарай ауа райы қайта құбылады.
Бүгін, 16 қарашада облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді. Сынап бағанасы түнде 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін ауытқыса, күндіз 5 градусқа дейін жылынады. Сейсенбіде өңірде жауын-шашын болмайды. Түнде 5 градусқа дейін аяз түсіп, күндіз ауа температурасы 0...+5 градус шамасында сақталады. Сәрсенбі күні өңіріміздің батысы мен оңтүстігінде қар жаууы ықтимал. Түнде ауа температурасы -7 градусқа дейін төмендеп, күндіз -3...+2 градус аралығында болады. Ал бейсенбі және жұма күндері ауа райы күрт бұзылады. Облыстың басым бөлігінде түнде қар жауып, күндіз қар аралас жаңбырға ұласады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал желдің екпіні кей аудандарда секундына 28 метрге дейін жетуі ықтимал. Ауа температурасы түнде -2...-7 градус аяз, күндіз -3...+2 градус шамасында болады деп болжанып отыр.