Әлемдік аренада ел мерейін асқақтатқан солтүстікқазақстандық спортшылар құрметке бөленді
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар қай кезде болмасын құрметке лайық. Облыстық әкімдікте Жапонияда өткен Азия және Пара Азия ойындарында Қазақстан қоржынына жүлде салған солтүстікқазақстандық спортшылар марапатталды. Салтанатты жиында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ел мерейін асқақтатқан жерлестерімізге алғыс білдірді. Спортшыларға ақшалай сыйақы табысталды. Ал 6 дүркін Азия чемпионы атанған Алексей Луценко мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
Алқалы жиында Жапонияда өткен Азия ойындарында қос алтын еншілеген Алексей Луценко, бокстан қола жүлдеге ие болған Наталья Богданова, Азия Пара ойындарында ел қоржынына жүлде салған Иван Залезняк құрметке бөленді. Салтанатты шараның шымылдығын облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ашып, толағайларымызға сәттілік тіледі.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
Салтанатты шараға өңір мерейін асырып жүрген спортшылар мен ардагерлер қатысты. Саладағы өзекті мәселелерді көтерді. Алексей Луценко дүбірлі додаға қаңтардан бастап дайындалған. Қажырлы еңбек пен бапкерлердің қойған тактиканың арқасында жекелей және топтық сында топ жарып, Азия ойындарының 6-дүркін чемпионы атанды. Талай жыл мұрты бұзылмай келе жатқан рекордты жаңартты.
АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО, Азия ойындарының 6 дүркін чемпионы:
Ал Иван Залезняк V жазғы Азия Пара ойындарында F36 класы бойынша ядро итеруден сынға түсті. 12,71 метр нәтижесімен қола жүлдеге ие болды.
ИВАН ЗАЛЕЗНЯК, V жазғы Азия Пара ойындарының қола жүлдегері:
Салтанатты шара барысында ел мерейін асқақтатқан спортшыларға ақшалай сыйлықтан табысталды. Айта кетейік, аймақта спортқа ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы 3 жылда салаға 42 млрд теңге бағытталған.