Негізгі Жаңалықтар Тігін ісінің шеберлері

Тігін ісінің шеберлері

Матаны таңдаудан бастап, киімнің соңғы тігісіне дейін тігу – бұл шеберлікті, дәлдікті, әр бөлшекке мұқият қарауды талап ететін жұмыс. Бұл облыс орталығындағы «Прогресс» тігін фабрикасындағы әр еңбеккерге қойылатын талап. Себебі мұнда отандық нарықта сұранысқа ие түрлі киім тігіледі. Кәсіпорынның жұмысы қалай ұйымдастырылған? Жергілікті шеберлер бүгінгі күні қандай өнім шығарады? Фабрика алдында қандай міндеттер тұр? Тақырыпты тілші тарқатсын.

Прогресс фабрикасында тігілетін әр заттың артында тігіншілер, технологтар, конструкторлар, пішіндеушілер мен сапаны бақылаушылар секілді ондаған маманның еңбегі бар. Қазіргі таңда кәсіпорында 60-қа тарта адам еңбек етеді. Олардың әрқайсысы – өз ісінің хас шебері. Олар күштік құрылымдар, құрылысшылар мен клинингтік компанияларға арналған арнайы киім тігеді. Өндіріс қуаттылығы айына 2,5 мың данаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Сапасы жақсы. Сондықтан тапсырыс еліміздің бірқатар өңірлерінен түседі. Дайын өнімге сұраныс бұрын да болған қазірде бар.

СНХ: Майя Жисембаева – өндіріс шебері 

Фабрикада жас мамандарды даярлауға да басымдық берілген. Оқу курсы бірнеше айға созылады. Соны тәмамдағандардың бірі Любовь Шеверга. Өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын жас маман, қазір мұнда үшінші разрядты тігінші болып еңбек етеді. 

СНХ: Любовь Шеверга – үшінші разрядты тігінші 

Кәсіптің бұл түрінде болдым-толдым деген жоқ. Әрдайым тігіншілікке деген ынтамен ізденіс болуы шарт. Себебі бұл мамандық төзімділік пен шеберлікті талап етеді.


Бөлісу