Негізгі Жаңалықтар Қазақстан мобильді интернет қолжетімділігі бойынша әлемдегі үздік елдердің қатарында

Қазақстан мобильді интернет қолжетімділігі бойынша әлемдегі үздік елдердің қатарында

Қазақстан мобильді интернеттің қолжетімділігі бойынша әлемдегі үздік елдердің қатарына енді. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, Қазақстанда мобильді интернеттің бағасы бірқатар дамыған мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Ал байланыс жылдамдығы қандай? Әріптесім тарқатады. 

СТЕНДАП: ӘСЕМ ӘКІМҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Зерттеу мәліметтері бойынша, Қазақстанда 1 гигабайт мобильді интернеттің орташа құны шамамен 30 центті құрайды. Бұл әлемдік орташа бағадан төрт еседен астам төмен. Мамандар елдердегі интернет тарифтерін ғана емес, байланыс сапасы мен жылдамдығын да салыстырған.

Интернеттің қолжетімді болуы оны тұтыну көлеміне де әсер етіп отыр. Соңғы жылдары қазақстандықтардың мобильді трафикті пайдалану көрсеткіші айтарлықтай өскен. Бұл күнделікті өмірде онлайн қызметтерге, әлеуметтік желілерге және бейнеплатформаларға деген сұраныстың артқанын көрсетеді.

СТЕНДАП: ӘСЕМ ӘКІМҚЫЗЫ, ТІЛШІ





Бөлісу