Негізгі Жаңалықтар Жолдаудағы басымдық: өңірлерді өркендету

Жолдаудағы басымдық: өңірлерді өркендету

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында өңірлерді дамыту, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру мәселелеріне басымдық берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар Солтүстік Қазақстан облысында да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мәселен, Уәлиханов ауданындағы Ақбұлақ ауылдық округінде жолдар жөнделіп, елді мекендерге ауызсу тартылған. Инфрақұрылымдық жобаларға қомақты қаражат бағытталды.

Ауылдың ажары мен тұрғындардың тұрмыс сапасы ең алдымен инфрақұрылымға байланысты. Ақбұлақ ауылдық округінде кейінгі жылдары осы бағытта бірқатар жоба жүзеге асқан. Жолдар жаңартылып, ауызсу мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тапты. Бұл жұмыстар түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылды. Ауылдық округ әкімі Батырхан Серікұлының айтуынша, өзі қызмет атқарған төрт жыл ішінде өңірге 2 миллиард 200 миллион теңгеге жуық қаражат тартылған.

СНХР: БАТЫРХАН АХМЕТОВ – УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ, АҚБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ


Бөлісу