«Ұлттық ономастика – ел айнасы»
Жер-су атаулары – ұлт тарихының ажырамас бөлігі. Олардың әрқайсысында өткеннен сыр шертетін дерек бар. Облыс орталығында өткен «Ұлттық ономастика – ел айнасы» байқауы осы құндылықтарды дәріптеуге арналды. Іс-шараға Петропавл қаласы мен аудан мамандарынан құралған төрт команда қатысып, ономастика саласындағы білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды. Алтынай Қазиқан жалғастырады.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен командалар өздерін таныстырып, атаулары мен ұрандарын ұсынды. Кейін өңірдегі ономастика саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. «Жер-судың аты – тарихтың хаты» интеллектуалдық турында экранда көрсетілген мекендерді атап, қысқаша сипаттамасын айтулары тиіс болды. Соңғы кезеңде қатысушылар ономастика саласына қатысты сұрақтарға жауап берді. Осылайша, әр команда өз білімін көрсетіп қана қоймай, туған өлкенің тарихына қатысты тың деректермен бөлісті.
СНХ: ӘСЕЛ БИМАХАНОВА СҚО ӘКІМДІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Сайысқа 4 команда қатысты. Олар Петропавл мен 13 ауданнан жиналған жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері. «Тамыр» тобы Қызылжар, Тайынша және Шал ақын ауданы мамандарының басын біріктірді.
СНХ: ЖҮЗІМ ҚОЖАХМЕТОВА - БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.