Негізгі Жаңалықтар Президент жалақының ең төменгі мөлшерін 100 мың теңгеге көтеруді тапсырды

Президент жалақының ең төменгі мөлшерін 100 мың теңгеге көтеруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән берілетіндігін атып өтті. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңыздылығына тоқталды. Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 100 мың теңгеге дейін көтеруді міндеттеді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның барлық аймағын байланыстыратын, яғни еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтетін заманауи теміржол және көлік жолдарының тұтас желісін құру қажеттігін атап өтті. Еліміз арқылы тасымалданатын жүк көлемі жыл сайын ұлғайып келе жатқанын айта отыра Президент жол инфрақұрылымын жақсарту мәселесіне ерекше тоқталды. Әсіресе солтүстік аймақтарға қатысты мәселе ерекше назарға алынды. 

СНХ: ҚАЛИЯ ТӨРЕНОВА – «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАЙЫМЫ:

Отандық денсаулық сақтау жүйесін ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Мемлекет басшысы өз Жолдауында медициналық инфрақұрылымды дамытуға және сала мамандарын қолдауға бағытталған негізгі басымдықтарды атап көрсетті. 

СНХ: ЮРИЙ БЕЛОНОГ - ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Сондай-ақ Президент соңғы жылдарда ерекше қажеттілігі бар балалардың саны артқанын тілге тиек етіп, Үкімет әкімдермен бірлесіп, осы салаға қатысты инфрақұрылымды дамыту қажеттігін тапсырды. Ауқымды құрылысты жүргізу кезінде бұл бағыт назардан тыс қалмауы қажеттігін қадап айтты. Маман тапшылығын азайту және ерекше қажеттілігі бар балалардың диагнозын ерте жастан анықтау жұмысы да жүйелі түрде жүргізілуі керектігіне тоқтала отыра, бұл жұмысқа «Қазақстан халқына» қоры белсенді атсалысқаны жөн деді Мемлекет басшысы. 


Бөлісу