Петропавлда үкіметтік емес ұйымдар форумы өтті
Тәжірибе алмасу, жаңа жобалар және мемлекетпен тиімді әріптестік орнату. Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдары бас қосты. Форумға қатысушылар азаматтық қоғамның рөлін арттыру, қоғамдық бастамаларды қолдау және ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ жиын аясында үздік ауылдық үкіметтік емес ұйымдар байқауының қорытындысы шығарылды.
Қоғамдық бастамалар, әлеуметтік жобалар және халықпен жұмыс істеудің тиімді тәжірибесі. Форумға түрлі санаттағы азаматтарға көмек көрсетіп, өз қызметін дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырып жүрген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жиналды. Жиынның негізгі мақсаты – табысты тәжірибелермен бөлісу, мемлекеттік органдармен әріптестікті нығайту және азаматтардың қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту.
СНХР: ЛИДИЯ ГРАБАРЬ - СҚО ҮЕҰ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Үкіметтік емес ұйымдардың негізгі бағыттарының бірі – қоғамдық өмірге белсенді араласып, жергілікті және республикалық деңгейде қабылданатын шешімдерге ықпал ету. Ол үшін азаматтық құқықтарды біліп қана қоймай, билік органдарымен өзара байланыс орнатудың қолданыстағы тетіктерін тиімді пайдалана білу қажет. Форумда Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері өзге өңірлерден келген қоғамдық бірлестік мүшелерінің тәжірибесімен танысты.
СНХ: ИГОРЬ ПЛЮСНИН - «ЖАҢАРУ» СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ» РҚБ ДИРЕКТОРЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ:
Форумда ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мен әлеуметтік жобаларды дамытуға да ерекше назар аударылды. Сондай жобалардың бірін мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігі жүзеге асыуда. Олар Германия елшілігінің құны 8 мың еуро болатын гранты арқылы жүзеге асырылған шағын ферма жобасын таныстырды. Ол қаржыға көкөніс өсіруге арналған жылыжай, мал қора саллынып сиыр, жылқы, қой, ешкі мен қаз да сатып алынған. Шаруашылықта сүт, сүзбе, сары май мен қаймақ өндіріледі. Өнімнің бір бөлігі мұқтаж жандарға тегін беріледі, ал қалғаны нарықтағы бағадан 15 пайызға төмен сатылады. Фермада мүмкіндігі шектеулі азаматтар еңбек етеді. Түскен табыс ұйымның жұмысын тұрақты жүргізуге, оның мүшелерін қолдауға және жаңа жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады.
СНХ: ВИКТОР КРИВОШЕЕВ - МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ЕСІЛ АУДАНЫ
Форум үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға және жаңа бастамаларды талқылауға мүмкіндік берді.