Спорт саласының даму қарқыны
Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің отырысында өңірдегі спорттың дамуымен қатар, саланың қордаланған бірнеше өзекті мәселесі де көтерілді. Айталық өңірде бұқаралық және кәсіби спортты дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 50 спорт нысаны бой көтерді. Өңір спортшылары байрақты бәсекелерде топ жарып, ел аборйын асқақтатуда. Десе де салада түйіткілді мәселелер де бар. Айталық ауылдық жерлердегі маман тапшылығы мен инфрақұрылымның тозуы ерекше назарды қажет етеді.. Облыс әкімі кей мәселелерді жергілікті кәсіпкерлерді тарту арқылы шешу қажеттігін айтты.
Облыстық әкімдік отырысында өңір спортының даму қарқыны сөз болды. Саланың дамып, аймақтан ел абыройын асқақтататын толағайлар шықсын десек, материалдық-техникалық базаға ерекше көңіл бөліп, спортты жанына серік еткен жандарға қолдау көрсету қажет. Теріскейде бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылған. Биыл облыста 50 спорт нысаны бой көтерді. Қызылжар, Уәлиханов аудандарында спорт манежі мен бассейн кешені салынып жатыр. Ал Айыртауда футбол стадионы күрделі жөндеу көруде. Бұл - болашақта Олимпиада чемпионы болуды мақсат тұтқан жастарға зор қолдау.
ҚАРЛЫҒАШ РАМАЗАНОВА, СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жастарды шыңдау үшін, жарыстарды көптеп өткізу қажет. Биыл облыста 230 мың адамды қамтыған 1200 спорттық іс-шара өткен. Бағдарламасына 5 спартакиада кіретін облыстық Халық ойындарын ерекше атап өткен жөн. Аталған додаларда жалпыкомандалық есепте Шал ақын ауданының құрамасы топ жарды. Көрсетілген қолдау мен өткізілген сайыстардың нәтижесінде теріскейлік толағайлар халықаралық және республикалық додаларда сәтті өнер көрсетті.
ҚАРЛЫҒАШ РАМАЗАНОВА, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
Алқалы жиында өңірдегі велоспорттың бүгіні мен ертеңі жайлы да сөз болды. Облыста аталған спорт түрімен 252 адам айналысады. Оның 10 пайызы ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Биыл теріскейлік велошабандоздар халықаралық сайыстар мен ішкі біріншіліктерден 68 медаль еншілеген. Оның тең жартысы - алтын.
ЕВГЕНИЙ НЕПОМНЯЩИЙ, "Vino - SKO Team" командасының аға жаттықтырушысы:
Отырыста ауылдық жерлерге спорт нұсқаушылары жетіспейтіні және бірнеше нысанның тозғаны жайлы сөз болды. Сондай-ақ, мектептердің спорттық құрылғыларымен жарақтандырылмағаны анықталды. Облыс әкімі кей мәселелерді жергілікті кәсіпкерлерді тарту арқылы шешу қажеттігін айтты.