Негізгі Жаңалықтар Білімділер бәсекесі

Білімділер бәсекесі

Өңірде ауыл мектептерінің 9–11-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтуде. Білім сайысына аймақтың 13 ауданынан 900-ге жуық ұл-қыз қатысып жатыр. Екі күнге созылатын зияткерлік сайыс жайлы әріптесім дайындаған бейнематериалдан көрейік. 

 Білім додасына Айару Уәлихан Шал ақын ауданы Ысқақ Ыбыраев ауылынан келіп отыр. Ол 14 жаста. Сайысқа география пәнінен қатысуда. Бүгінгі білім сайысына мұғалімдерімен дайындалған. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне алғаш рет қатысып отырғанын айтады.

СНХ: АЙАРУ УӘЛИХАН - ОЛИМПИАДАҒЫ ҚАТЫСУШЫ: 

Олимпиада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Оқушылар алдымен аудандық кезеңде бақ сынасты, енді міне облыстық сайыста білімдерін сынап жатыр. Қатысушылардың жалпы саны 900-ге жуықтайды. Сайыс өңірдің жеті алаңында, яғни Петропавл қаласы мен алты ауданда өткізілуде. Ұл-қыздар 13 жалпы білім беретін пән бойынша өзара мықтыны анықтайды.

СНХ: БАХЫТ ГАБДУЛЛИНА – "ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Солтүстікқазақстандық оқушылар қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша екі жыл қатарынан елдегі үздік үш команданың ішіне іліккен. Ұйымдастырушылар биыл да оң нәтижеге үмітті. Қатарластарынан басып озған балалар «Үздік ауыл мектебінің оқушысы» атағына таласуға мүмкіндік алады. 



Бөлісу