Заречный кенті тұрғындарының екінші легі су жаңа баспанаға ие болды
Петропавлдағы Заречный кентінің тұрғындары қауіпсіз әрі су жаңа баспанаға көшіп жатыр. Бұдан былай олар көктемгі су тасқынынан қауіптенбей, алаңсыз өмір сүретін болады.
Заречный кенті тұрғындарының екінші легі су жаңа баспанаға ие болды. Бұл күні барлығы 22 отбасыға үйдің кілті табысталды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов қатысып, қоныс иелерін құттықтады.
НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО әкімінің орынбасары:
Тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Олар бұл күнді тағатсыздана күтті. Салтанатты шарадан кейін Нұрлан Маратұлы мен қала әкімі Серік Мұхамедиев әр баспанаға кіріп, жасалған жағдаймен танысты. Әр баспананың іші кең, жарық тартылған, жылу мен су берілген.
Бөркін аспанға атқандардың арасында Ануар Салихов та бар. Ол Заречный кентінде 25 жыл тұрған. Азамат әр көктемді “Үйімді су баспаса екен” деген үреймен өткізетінбіз, – дейді. Бұл мәселе өз шешімін тапты. Оған 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.
Ануар Салихов, қала тұрғыны:
Айта кету керек, өткен жылдың соңында Заречный тұрғындарына арналған 90 пәтерлік баспана қолданысқа берілді. Ал алдағы жоспармен қала әкімі Серік Мұхамедиев бөлісті.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі:
Құрылыс жұмыстарымен жергілікті “Альфа-Север” серіктестігі айналысты. Әр баспанаға 2 жыл кепілдік берілген. Көпқабатты үй Ишимская көшесі, 53 мекенжайында орналасқан