Спорт күні – 2026: Петропавлда спорт саласының үздіктері марапатталды
Спорт – елдің еңсесін көтеріп, өскелең ұрпақты жігер мен тәртіпке баулитын маңызды саланың бірі. Жылда дәстүрге сай 16 тамыз - елімізде спорт күні аталып өтеді. Осыған орай Петропавлдағы Creative Center алаңында салтанатты іс-шара өтті. Жиын барысында спорт саласының ардагерлері мен түрлі бағытта жетістікке жеткен спортшылардың еңбегі атап өтіліп, үздіктер марапатталды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен басталды. Қатысушылар алдында әуезді ән шырқалып, би биленіп, спортшылардың жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды. Сахна төріндегі каратэшілердің өнері де салтанатты жиынның көркін қыздыра түсті.
Бүгінде облыста 227 мыңнан астам адам дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады. Осы бағытта жыл сайын 1200-ден астам спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оларға шамамен 230 мың адам қатысады. Іс-шара барысында Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары Сергей Мелехов спортшыларды мерекемен құттықтап, лебізін білдірді.
СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ӘКІМІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасты. Құрметке бөленгендердің қатарында Солтүстік Қазақстан облысының десантшылар одағы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Виталий Пенкин де бар. Ол спорттық жарыстарға он жылдан бері тұрақты қатысып, өңіріміздің спорт саласын дамытуға өз үлесін қосып келеді.
СНХР: ВИТАЛИЙ ПЕНКИН, «СҚО ДЕСАНТШЫЛАР ОДАҒЫ» ҚБ ЖЕТЕКШІСІ
Айта кеткен жөн, бүгінде облыста 2197 спорт нысаны жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен Ойқала шағынауданында 2 спорт кешені салынуда.