Облыс орталығында дәстүрлі тамыз конференциясы өтті
Петропавлда білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Биылғы жиын «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналды. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Премьер – министрі орынбасарының кеңесшісі Нұрлан Қиясов және ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев қатысты.
Ресми іс- шара аясында ауқымды білім беру шешімдері мен серіктестік көрмесі ұйымдастырылды. Көпшілік назарына заманауи технологиялар мен оқытудың жаңа әдістемелері ұсынылып, өңірдегі білім саласының жетістіктері туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Ауқымды көрмеден кейін жиналғандар басты ресми отырысқа көшті. Ең алғаш болып тамыз кеңесіне арнайы келген ҚР Премьер – министрінің орынбасары Нұрлан Қиясов сөз сөйледі.
СНХ: НҰРЛАН ҚИЯСОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ
Тамыз конференциясы – білім саласындағы жетістіктер сараланып, алдағы міндеттер айқындалатын дәстүрлі диалог алаңы. Жыл сайын өңір педагогтерінің басын қосатын бұл жиын озық идеялармен бөлісіп, көкейкесті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Жиынға ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаев қатысты.
СНХ: ЖОМАРТ КАРАМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Биыл өңірде білім саласын дамытуға 160 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, бұл облыс бюджетінің 32,4 пайызы. Бұл – аймақтың болашақ бәсекеге қабілеттілігіне құйылған инвестиция. Өңірде инфрақұрылым да кеңейіп келеді. Соңғы екі жылда Петропавлда 510 орындық 3 жаңа балабақша пайдалануға берілді. Олар шаһарда 2017 жылдан бері алғаш рет бой көтеріп отыр. Сондай-ақ «Орталық» шағын ауданында тағы 280 орындық балабақшаның құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов баяндады.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жиын кейін марапаттау рәсіміне ұласты. Айта кетейік, биыл үздік орта білім беру ұйымы» атағын Петропавл қаласындағы ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты жеңіп алды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мектеп директорына 68 миллион теңгенің сертификатын салтанатты түрде табыс етті.
СНХ: СВЕТЛАНА ШӘУКЕРОВА, «ЛОРД» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ҮШІН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Алқалы жиынға өңірдің 300-ден астам мұғалімі, білім беру саласының ардагерлері мен еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандар қатысты. Бүгінде облыста 12 мыңнан астам педагог жұмыс істейді.