Негізгі Жаңалықтар Жамбыл Тасеменовтың құрметіне грек-рим күресінен республикалық турнир ұйымдастырылды

Жамбыл Тасеменовтың құрметіне грек-рим күресінен республикалық турнир ұйымдастырылды

Петропавлда грек-рим күресінен республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Дода КСРО спорт шебері, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Жамбыл Тасеменовтың құрметіне ұйымдастырылды. Биылғы бәсекеге еліміздің әр өңірінен және көршілес Ресейден 150-ге жуық спортшы қатысып, бозкілемде бақ сынауда. 

Жарыстың ашылуы сап түзеген спортшылардың шеруінен басталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін турнирге бұл жолы 12 команда жиналды. Қатысушылар қатарында Қызылорда, Қарағанды, Ақтау, Астана қалалары мен облыстарынан келген балуандар, сондай-ақ Ресей Федерациясының Түмен және Омбы қаласынан келген спортшылары бар.  

СНХР: МАРАТ ӨТЕНОВ, ЖАРЫС ТӨРЕШІСІ

Тартысты сайыстың алғашқы айналымында Қызылорда облысының спортшысы Абдуллаһ Кешубай жеңіске жетті. Жас балуан грек-рим күресімен жеті жылдан бері айналысады. Алдағы мақсаты – әлем чемпионы атану.

СНХР: АБДУЛЛАҺ КЕШУБАЙ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Республикалық жарыстың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар арнайы 1, 2, және 3 дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар