Сұранысты қанағаттандыру, тұтынушылар қарасын арттырудың кепілі
Өңірімізде еңбекқорлық пен табандылықтың арқасында өз кәсібін өркендетіп отырған жандар аз емес. Солардың бірі Мағжан Жұмабаев ауданынының орталығы Булаев қаласында тұратын – жеке кәсіпкер Ботагөз Смағұлова. Бүгінде ол отбасы мүшелерімен бірге құс шаруашылығын дамытып, тәуліктік тауық балапандарын өсірумен және сапалы тауық етін өндірумен айналысады. Қазіргі күні істері тек отбасының табыс көзі ғана емес, өңір тұрғындарын табиғи әрі сапалы өніммен қамтамасыз етіп отырған табысты отбасылық бизнеске айналған.
Ботакөз Әйкенқызы Смағұлованың мамандығы бухгалтер. Өз ісін ашып кәсіпкер атану, үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Алайда жолдасының, құс өсіріп сатайық деген ұсынысын топшылай келе бұл да дұрыс болар деген тоқтамға келіп, отбасылық кәсіпті бастауға бел буады. Отбасылық кәсіптің қазығы осылайша 2018 жылы қағылыпты.
Ботакөз Смағұлова – жеке кәсіпкер
100 құстың жүнін қолмен жұлу әрине оңай емес. Алайда істі бастамай жатып, жарты жолдан тоқтатқанымыз да дұрыс емес, ел -жұрт, ағайыннан ұят болады деген ой бізді алға жетеледі, намысты жаныды,-дейді өткенге көз жүгірткен Ботакөз. Оның үстіне шағын және орта кәсіпкерлікті дамытамын деген жанға мемлекет тарапынан көрсетілер көмек ұшан теңіз. Осының бәрін зерделей келе жас кәсіпкерлер, мемлекеттік бағдарламаның көмегіне жүгінуді жөн санап, белді бекем буады.
СНХ: Ботакөз Смағұлова – жеке кәсіпкер
«Солтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының қолдауымен алынған ақшалай несие көлемі 5 милион теңге. Жылдық үстеме ақы 2 пайыз. Несие мерзімі 5 жыл. Осылайша басталған отбасылық кәсіптің негізгі жұмыс мамыр мен тамыз айлары аралығында халыққа бройлер балапандарын сату. Алайда жұмыртқа бастыру жұмысы одан соң да жалғасады. Себебі қыс мезгілінде де құс еті үлкен сұранысқа ие. Ол өз ісін енді бастаған кәсіпкерге тиімді. Сондықтан Ботакөз өз жұмысын жыл 12 ай тоқтаусыз жүргізіп келеді. Қаланы есептемегенде тек Булаевтың өзінен құс етіне күніне кем дегенде 10-15 адамнан тапсырыс түседі екен. Кәсіпкер әрқайссысының сұранысын қанағаттандырып, жаңа сойылған бройлердің дайын етін әркімнің үйіне дейін жеткізіп береді. Ол тұтынушылар қарасын арттырудың бірден-бір жолы. Алға қойған мақсат та жоқ емес. Соның бірі болашақта бөдене жұмыртқасын бастырып, сатылымға бөдене еті мен жұмыртқасын шығару. Сондай-ақ өзі өнімдерін саудалайтын дүкен ашу ойы да бар. Бүгінде оған қажетті ғимарат та сатып алыпты, ендігі жерде соны қалыпқа келтіріп іске қосу. Қарапайым қазақ қызының бұл ісін тек табыс көзі емес, ауылдың дамуына қосықан үлесі десек қателеспесіміз анық.