Негізгі Жаңалықтар Петропавлда ауқымды OPEN AIR өтті

Петропавлда ауқымды OPEN AIR өтті

Петропавлдың басты алаңында СҚО-ның 90 жылдығына арналған ауқымды OPEN AIR концерті өтті. Мерекелік кешке мыңдаған көрермен жиналды. Кештің хедлайнері — IL’HAN. Іс-шара соңында түнгі аспанды жүздеген дрон көмкеріп, әсерлі шоу көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Петропавлдың басты алаңында ауқымды музыкалық кеш өтті. Концерттік бағдарламада Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының өнерпаздары мен кештің басты қонақтарының бірі — қазақ эстрадасының жарық жұлдызы IL’HAN өнер көрсетті. Жүздеген петропавлдық жанды музыка тыңдап, жазғы кешті ашық аспан астында өткізді.

Кештің хедлайнері танымал композицияларды орындап, қала тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Музыка, жарық пен көрерменнің көтеріңкі көңіл-күйі ашық аспан астындағы кештің ерекше атмосферасын қалыптастырды. Тұрғындар кештің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Әсіресе музыкалық бағдарлама мен дрондар шоуы көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Кеш соңында Петропавлдың түнгі аспаны ерекше көрініске бөленді. Сағат 22:00-де жүздеген дрон әуеге көтеріліп, түрлі жарық композицияларын жасады. Қаламызда бұрын-соңды болмаған жарқын шоудан қала тұрғындары ерекше әсер алды.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар