99-275 әскери бөлімінде әскери-патриоттық бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Мұнда жастармен кездесулер, танымдық іс-шаралар өткізіліп, әскери қызметтің маңызы түсіндіріледі. Сонымен қатар, бөлімнің жеке құрамы оқу-жаттығуларға қатысып, кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап келеді.
Әскери бөлімнің сарбаздары, офицерлері және қызметкерлері республикалық және облыстық деңгейдегі спорттық жарыстарға белсенді қатысады. Мұндай шаралар жауынгерлік дайындықты арттырып қана қоймай, тәртіпті, төзімділікті және командалық бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
СНХР: РАУАН АХМЕТОВ, 99275 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ