Петропавлда өз ауласын гүлге бөлеп, айналаны көркейтуге үлес қосып жүрген жандар аз емес. Көпқабатты үйдің тұрғындары жыл сайын ауланы абаттандырып, жүздеген гүл отырғызып, жасыл желекті күтіп-баптап келеді. Тұрғындардың бұл еңбегі көршілерге үлгі және қала сәнін арттыруда.
Петропавлдағы Бөкетов көшесіндегі 61-үйді алыстан-ақ жайқалған гүлзарларынан тануға болады. Мұнда тұрғындар көп жылдан бері ауланы өз күштерімен гүлдендіріп келеді. Әр маусым сайын жаңа өсімдіктер отырғызылып, оларды күтіп-баптау ортақ іске айналған. Биылғы аптап ыстықта гүлдерге ерекше күтім қажет. Бірі гүлдеп болса, енді бірі жаңа ғана қауызын ашып жатыр. Дегенмен бұл гүл өсірушілердің ынтасын одан әрі арттыра түскен.
СНХ: ТАТЬЯНА ПОНОМАРЕНКО, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Аударма//// «Біздің үйіміз өте жақсы, тұрғындары да ұйымшыл. Осы гүлзарға көп жылдан бері күтім жасап келемін. Қаламызды жақсы көремін, сондықтан оны көгалдандыруға өз үлесімді қосқым келеді. Мынау гортензия гүлі. Оның түрі өте көп, бұл Vanille Fraise сұрпы. Ерекше күтімді қажет етпейді, бірақ уақытылы суарып, тыңайтқыш беріп тұру керек. Сол үшін біз бар күшімізді салып келеміз».
СНХ: ЛЮБОВЬ ТОКАРЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Тұрғындардың айтуынша, ауланы көгалдандыру ешқандай міндеттен емес, туған қаласына деген жанашырлықтан туған іс. Олар ондаған жыл бойы гүлзарларды күтіп, жыл сайын жаңа өсімдіктер отырғызуды дәстүрге айналдырған. Бұл үй «Халық қатысатын бюджет» жобасының жеңімпазы атанып, тұрғындардың бастамасы қолдау тапқан. Жоба аясында аула абаттандырылып, жаңа нысандар орнатылады.
СНХ: ЛЮБОВЬ КУЗНЕЦОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Тұрғындар бүгінде ауланы бейнебақылау камераларымен де қамтамасыз еткен. Алдағы уақытта халық қатысатын бюджет аясында спорт алаңы жаңартылып, гүлзарлар қоршалып, аумақ толықтай абаттандырылады деп жоспарлануда. Айта кетейік, келесі жылы бұл үйге 50 жыл толады.