СҚО ТЖД қызметкерлері мен «Дельфин» спорт мектебінің жүзу бойынша жаттықтырушысы Пестрое көлінің жағалауында балаларға арналған мазмұнды қауіпсіздік сабағын өткізді. Бұл ерекше шара барысында тәжірибелі мамандар мен құтқарушылар кішкентай демалушыларға жүзудің қыр-сырын үйретіп, заманауи құтқару құрал-жабдықтарының көрмесін ұйымдастырды. Сондай-ақ балалардың білімін пысықтау мақсатында қызықты викториналық сұрақтар қойылды. 

Іс- шараның танымдық маңызын арттыра түсу үшін қала қонақтары мен балаларға арнайы құтқару жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды. Онда төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын заманауи құрал-саймандар, жүзу құралдары мен арнайы киім үлгілері көпшілік назарына ұсынылып, балалар олардың жұмыс істеу принципімен тікелей танысуға мүмкіндік алды.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ТӨЛЕГЕН, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ

 Ал, тәжірибелі жаттықтырушы Роман Жежеря балаларға суда жүзудің алғашқы әдістері мен негізгі қыр-сырын үйретті. Кәсіби маман қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескерте отырып, жасөспірімдерге қалай дұрыс тыныс алу керектігін және жүзу техникаларын жеке көрсетті. 

СНХ: РОМАН ЖЕЖЕРЯ, «ДЕЛЬФИН» ОРМБЖСМ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Мамандар қала тұрғындары мен ата-аналарға үндеу жасап, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Құтқарушылар жаз маусымындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін ешбір жағдайда балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмауды үнемі қадағалап, су айдындарында аса сақ болуды сұрайды.