Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімдігінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды

Облыс әкімдігінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды

Облыс әкімдігінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында негізгі көрсеткіштердің оң динамикасы атап өтілді. Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша экономикалық индикатор 114,5 пайызды құрады. Өнеркәсіп пен сауда салаларында, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінде тұрақты өсім бар. Дегенмен, әкім кейбір бағыттарды күшейтіп, инвестиция тарту мен жаңа өндіріс орындарын ашуды қатаң тапсырды. 

Облыстық әкімдікте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы уақытқа жоспар қойылды. Отырысқа аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов төрағалық етті. Көрсеткіштерге зер салсақ, әр бағыт бойынша оң динамика байқалады. Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 114,5 пайызды құрап, өңір республикада алдыңғы қатардан көрінді. 

Өңірде сауда саласы да қарқынды дамып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында тауарлар мен қызметтерді өткізудің жалпы көлемі 671,3 млрд теңгені құрады. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 121,8 пайызға жетіп, облыс республикадағы үздік өңірлердің қатарына енді. Бірақ облыста тұралап қалған салалар да бар. 

Теріскейде агроөнеркәсіп кешені тұрақты өсім көрсетіп отыр. Жылдың алғашқы алты айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 105,3 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,8 пайыз болды. Бұдан бөлек өңірде 4,3 млн гектар алқаптан өнім жиналады. Қазіргі таңда күздік дақылдардың 7 мың гектардан астамы орылып, 17 мың тоннадан астам астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 24 центнерді құрап отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында инвестициялық белсенділік пен сауда көлемі де өсіп келеді. Биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға 278,6 млрд теңге инвестиция тартылып, оның 208 жарым млрд-ы жеке инвестициялардың үлесіне тиді. Ал жалпы сауда көлемі 780 млрд теңгені құрап, көтерме сауда 125,5 пайызға өсті. Жыл соңына дейін өңірде жалпы құны 775,2 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Кездесу соңында өңір басшысы бірқатар жауапты тұлғалар мен аудан әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.

Бөлісу