Жаңа Конституция негізінде өтетін Құрылтай сайлауы – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызды кезеңдердің бірі. Жаңа заң шығарушы органның жұмысы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындап, қоғамның сұранысына сай шешімдер қабылдауға негіз болады.

IT саласы өкілдерінің пікірінше, бүгінде заң шығару қызметінде цифрландыру, жасанды интеллект, адами капиталды дамыту және өңірлердің әлеуетін арттыру сияқты стратегиялық бағыттарға басымдық беру маңызды. Бұл өз кезегінде инновациялық экожүйені дамытып, жаңа технологияларды енгізуге және білікті мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

СНХР: НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, «QYZYLJAR» КРЕАТИВ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ