90 жаста өлең жазып, қарбыз өсіреді. Айыртау ауданындағы Арықбалық ауылында Грушиндер әулеті тұрады. Ерлі-зайыптылардың отасқанына 62 жыл толған. Тоқсан жасқа келсе де, олар белсенді өмір салтын ұстанып, шығармашылықпен айналысып, еңбек етуден қол үзбеген. Тілшіміз олардың шаңырағында болып қайтты.

Мария Петровна жасы ұлғайғанына қарамастан, сергек әрі шығармашыл жан. Ол өлеңдерін отбасына, туған жеріне, ауылдастарына, табиғатқа және өмірдегі қызықты оқиғаларға арнайды. Бұдан бөлек, оның тағы бір жақсы көретін ісі– ән айту. 

СНХ: МАРИЯ ГРУШИНА – АРЫҚБАЛЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

 Ал Виктор Евгеньевичтің сүйікті ісі – бау-бақша күту. Ол күнделікті қажет көкөністерден бөлек, қауын мен қарбыз да өсіреді. Әрбір түпке ерекше күтім жасап, мол өнім алуға күш салады.

СНХ: ВИКТОР ГРУШИН – АРЫҚБАЛЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

 Алты онжылдықтан астам уақытты бірге өткізген ерлі-зайыптылар бүгінде де өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған. Өз еңбегімен, шығармашылығымен айналасына үлгі болып жүрген олар әрбір күнді қуанышпен қарсы алады.