Облыс аумағында жыл басынан бері 240-қа жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 23 адам қаза тауып, 338 адам түрлі дене жарақатын алған. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіштер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көп. 

 Мамандардың айтуынша, өңір жолдарындағы апаттардың негізгі себептері белгілі бір жүйелі заңбұзушылықтарға келіп тіреледі. Атап айтқанда, көлік жылдамдығын шамадан тыс арттыру, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін елемеу, мас күйінде көлік басқару және маневр жасау сияқты әрекеттер жол-көлік оқиғаларының жиі орын алуына түрткі болып отыр.Осы орайда, биыл жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 14 жедел профилактикалық іс-шара өтікізілген. 

СНХ: АЯГӨЗ ИСМАҒАМБЕТОВА, СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ