Солтүстік Қазақстан облысында сүт өндірісін дамыту қарқын алды. Өңірде заманауи сүт-тауарлы фермалар саны артып, мал басы көбейіп келеді. Мемлекеттік қолдау мен агроқұрылымдардың инвестициясы нәтижесінде жаңа өндіріс орындары іске қосылып, ауыл тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылуда. Сонымен қатар егін орағы қарсаңында шаруашылықтар техникасын толық әзірлеп, алдағы науқанға дайындық жұмыстарын күшейткен.

 Егін орағына санаулы апта ғана қалды. Сондықтан ауыл шаруашылығы техникасын алқапқа шығаруға толық дайындау қажет. Бұл жұмысты егін шаруашылығы бригадасының жетекшісі Николай Стасюк жіті қадағалап жүр. Ол отбасымен бірге Буденное ауылына бес жыл бұрын қоныс аударған. Себебі мұнда оған тұрақты жұмыс пен қолайлы тұрмыс жағдайы ұсынылған.

СНХР: НИКОЛАЙ СТАСЮК, ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ БРИГАДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Николайдың айтуынша, ол ешқашан жердегі еңбекті кеңседегі жұмысқа айырбастамайды. Оның пікірінше, жастардың ауылда қалуы үшін тек жұмыс орны жеткіліксіз. Ең бастысы – жайлы өмір сүруге қолайлы жағдай жасау. Агроқұрылым осы бағытқа ерекше көңіл бөліп отыр. Мұнда қызметкерлерге арналған үйлер салынып, жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылып, мектептерге қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар кәсіпорын егіншілікпен қатар мал шаруашылығын да қарқынды дамытып келеді. Жуырда мұнда құны шамамен 10 миллиард теңге болатын өңірдегі ең ірі заманауи сүт-тауарлы фермалардың бірі іске қосылды.

СНХР: МАРАТ БОТАҚАНОВ, АГРОҚҰРЫЛЫМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Қазіргі таңда облыста 118 сүт-тауарлы ферма жұмыс істеп тұр. Оның 50-і – заманауи жоғары технологиялық кешендер. Былтыр өңірде сегіз жаңа сүт-тауарлы ферма пайдалануға берілсе, биыл тағы төртеуін іске қосу жоспарланып отыр.

СНХР: ТАЛҒАТ НАУРЫЗБАЕВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұдан бөлек, жыл басында мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары қабылданды. Оның аясында «Береке» және «Игілік» бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Бұл мақсатқа 15 миллиард теңге бөлінді. Қазіргі уақытта шамамен 4,5 мың бас импорттық асыл тұқымды мал сатып алуға келісімшарттар жасалған.