Петропавл қаласы биатлоннан ел кубогының бәсеке алаңына айналды. Солтүстік Қазақстанда өтіп жатқан додаға республиканың 10 өңірінен 200-ден астам спортшы қатысуда. Тартысқа толы «Grand Tour Biathlon» жарысының төртінші кезеңі 28 шілде мен 1 тамыз аралығында жалғасады.

 Жазғы биатлон – спортшылардың жылдам жүгіруі мен 50 метрлік қашықтықтан дәл көздеу өнерін ұштастырған ерекше спорт түрі. Бұл тартысты сайыс қатысушыдан темірдей төзімділікті, жоғары физикалық дайындықты және атар сәтте жүрек соғу ырғағын бір сәтте бағындырып, тез қалпына келе білу қабілетін талап етеді. Жарыстың тартысқа толы бағдарламасына спринт, жекелей жарыс және эстафета сынды бәсекелер кіреді.

СНХ: ИГОРЬ ИЛЬИН, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БИАТЛОН БОЙЫНША АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ