Солтүстік Қазақстан облысының шаруалары қысқы мал азығын дайындау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Шал ақын ауданындағы «Ибраево» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылдан бері жұмыс істейді. Шаруашылық өсімдік шаруашылығымен айналысады. Мұнда 1500 гектар алқапқа рапс, бидай және арпа егілген.

Егіс алқаптарына минералды тыңайтқыштар уақытылы енгізілген. Қазір серіктестікте шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр. Түрлі шөп өскен алқаптарда қысқы мал азығы дайындалуда. Орама шөпті дайындау бірнеше кезеңнен тұрады: алдымен шөп шабылады, кейін аударылып кептіріледі, содан соң арнайы техникамен нығыздалып оралады.