Петропавлда облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Жауапты басқарма басшылары атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндап, алдағы жоспарларын таныстырды. Облыс әкімі негізгі бағыттар бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Петропавлда облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне 2 мәселе шығарылды. Алғаш қаузалған түйткіл - сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту. Мінберге энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Әлішер Беспаев шықты. Атқамінердің сөзінше, облыстағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 7 мың шақырымнан асады. Өңірде барлығы 515 мыңға жуық тұрғын орталықтандырылған тіршілік көзімен қамтамасыз етілген.
ӘЛІШЕР БЕСПАЕВ, СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Биыл облыста сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бағытында 4 жоба жүзеге асырылады. Маңызды іске 3 млрд 600 млн теңге бөлінді. Алқалы жиын барысында өзекті мәселенің беті ашылды. Бар ақпармен Әлішер Жанатұлы бөлісті.
ӘЛІШЕР БЕСПАЕВ, СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Бұл - кезек күттіретін мәселе емес. Олқылықтың орнын толтыру қажет. Облыс әкімі жауапты мамандарға бірқатар тапсырма берді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
Келесі көтерілген мәселе - облыстағы құрылыс саласының даму қарқыны. Мінберге жаңадан тағайындалған құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қосым Аңсатбаев шықты. Оның сөзінше, жыл басынан бері облыста 100 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 340 мың шаршы метрге жеткізу жоспарланып отыр.
ҚОСЫМ АҢСАТБАЕВ, СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:
Жиын соңында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов теріскейліктерге үндеу жасады. Тұрғындардан өзен-көлге түскен кезде барынша абай болуды және рұқсат етілген орындарда ғана демалуды сұрады. Себебі, жыл басынан өңірде су айдындарында 8 адам қаза тапқан.